«Қостанайдың ең көрікті ауласы» деген мәртебе үшін жергілікті тұрғындар өзара бақ сынасты. Бірақ биік тұғырдан үш баспана ғана көрінді. Өз ауласына деген сүйіспеншілігі мен еңбегін аямаған қостанайлықтарды арнайы құрылған комиссия анықтады. Мерейі үстем болған жеңімпаздарды қала күні мерекесі қарсаңында шаһар басшысы марапаттады.