Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Денисов ауданында жас мамандарға арналған «JITIKARA JASTARY» атты дәстүрлі фестиваль өтті. Іс-шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген 60-тан астам жас маман қатысты. Екі күн бойы олар тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасып, жаңа идеяларымен бөлісті.