"Таза Қазақстан" акциясы аясында Қостанай ауданында балаларға арналған экологиялық лагерь өтті. Үш күн бойы оқушылар табиғат аясында демалып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын ұғынды. Бағдарлама барысында табиғат жанашырлары және спортшылармен кездесу өткізіліп, шеберлік сабақтары мен түрлі байқаулар ұйымдастырылды.