Аймақтың барлық білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылының басталуына орай өрт қауіпсіздігі талаптарын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шараның мақсаты – оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазір төтенше жағдайлар департаменттің есебінде барлығы 810 білім беру нысаны тұр. Департамент мәліметінше, мектептердегі өрт дабылдары, сөндіргіш құралдар, эвакуациялық жоспарлар мен өртке қарсы есіктердің жағдайы тексерілді. "Біздің басты міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мектепте әр қызметкер өрт кезінде не істеу керектігін білуі тиіс. Мұндай дайындықтар төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі," – деді ТЖ департаментінің өкілі.