Бүгінде мемлекеттік басқару саласындағы басым бағыттардың бірі – жас, білікті кадрларды тарту және қолдау. Осыған орай ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында ЖОО-ын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген түлектерге мемлекеттік қызметке конкурстан тыс қабылдану мүмкіндігі көзделген.