Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Білім және Ғылым министрлігінің бұрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.
Осы талаптар негізінде барлық орта білім беру ұйымдарындағы мектеп формасы оқытудың зайырлық сипатына сәйкес келуі тиіс. Мектеп формасының үлгісі мен түсі классикалык үлгіні ұстанып, бірыңғай түстерден тұруы қажет. Сонымен қатар, форма оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, күнделікті, мерекелік және спорттық іс-шараларға лайықтылығын қамтамасыз етуі қажет.