Қостанайда қала күніне арналған 4 күндік мерекелік бағдарлама басталды.  Алғашқы іс-шара – дзюдодан қалалық чемпионат. Спорт сайысы Юбилейный шағын ауданы 26а мекен жайындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде бүгін таңертеңнен кешке дейін жоспарланған. Кешкі 18:00-ден бастап қаланың әр бөлігінде жергілікті өнерпаздардың концерті өтпек.

Гашек көшесіндегі «Ұлы дала» саябағында «StreetMusic» жастар ұжымының концерттік бағдарламасы, Қостанай-2, КСК, «Дружба» тұрғын алабы, «Қонай» шағын ауданында «Мирас» мәдениет үйінің шығармашылық ұжымының «Ән-жырым – Қостанай» атты көшпелі концерті, орталық саябақтағы сахнада «Караван» вокалды-инструменталды ансамблінің концерті, ретро-фестиваль, «Шағала» жағажайында «Тобыл ойшылы» мүсінінің ашылуы, Достық үйінің алдында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен батл-шоу, қайырымдылық би кеші болады. Еске салсақ, биыл Қостанай қаласының құрылғанына 146 жыл.