Облыста егін жинау науқанына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Биыл өңір бойынша 5,1 миллион гектар алқапта астық ору жоспарланған. Қазіргі таңда агроқұрылымдар ерте себілген дақылдарды жинауға кірісті. Бүгінгі күнге дейін 30 мың гектардан астам алқап орылып, орташа өнімділік гектарына 10,8 центнерді құрап отыр.