Әлемдегі қарқынды әлеуметтік, технологиялық және ақпараттық өзгерістер бала психикасына ерекше әсер етуде. Цифрлық кеңістіктің басым болуы, түрлі күйзеліс көздерінің көбеюі – мектеп оқушыларының эмоционалдық, танымдық және тұлғалық даму үдерістеріне айтарлықтай кері ықпал етуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін дәстүрлі «Тамыз оқулары» кеңесінде облыстың педагог-психологтары осы түйткілді тиімді шешу тәсілдерін талқылады.