Жуырда облыстық ауруханада болған оқиға дәрігерлердің қауіпсіздігі мәселесін өзекті етті. Еске салсақ, кезекте тұрған науқас хирург Антон Кистановқа қол жұмсап, нәтижесінде ол жансақтау бөліміне түскен. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Қостанайдағы бірқатар медициналық мекемелерде тәулік бойы жұмыс атқаратын полиция бекеттері қойылды. Бұл қадам – дәрігерлер мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше оқиғаларда жедел әрекет етуге бағытталған.