Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен ресми кездесу өткізді. Делегацияны Хэфэй қалалық халық үкіметінің мэрі Ло Юньфэн бастап келді. Бұл — Ло Юньфэннің Қостанайға жасаған үшінші сапары. Екі тарап бұған дейін де бірнеше мәрте кездесіп, өзара ынтымақтастықты дамытудың бағыттарын талқылаған болатын.