Олар бейбіт күннің батырлары. Ел тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген әскери қызметкерлердің еңбегі мен ерлігі қашан да өлшеусіз. Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай және Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шарада ұландық сарбаздар мен офицерлерге құрмет көрсетілді.