Астана қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай өткен ауқымды әскери парадты тобылдықтар да тікелей эфирден көруге мүмкіндік алды. Мемлекет басшысының арнайы қатысуымен өткен шеруді қала тұрғындары тапжылмай тамашалап, өздерін сол іс-шараға қатысып тұрғандай сезініп, айрықша әсерге бөленді.