Моноқаланың мүмкіндігін бағамдап, межесін белгілеу мақсатында облыс әкімі  Арқалық қаласына жұмыс сапарымен барды. Осы ретте шағын шаһардағы оң бастамалардың куәсі болды. Әлеуметтік нысандардың көбеюі жергілікті халықтың қуанышын еселеп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болмақ. Сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту да маңызды мәселе саналатыны айтты аймақ басшысы тұрғындармен өткізген кездесу аясында.