Бүгін 12 тамыз Қазақстанда Халықаралық жастар күні. 2024 жылдың басында республика бойынша жастардың саны 5 759 781 адамды құраған. Бұл 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар. Қазіргі күні кейінгі толқын өкілдерін жұмыспен, баспанамен қамту және білім алу бойынша кешенді жобалар іске асырылуда.