Санэпидемиологтар тұмауға қатысты жағдай өңірде тұрақты екенін айтуда. Жыл басынан бері, осы жылдың 9 айында жедел респираторлы вирусты инфекцияларды жұқтырған 43 мың адам тіркелді. Оның 74 пайызы-ы 14 жасқа дейінгі балалар.
Мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялау жылдағыдай созылмалы аурумен науқастанатындарға, иммундық тапшылығы әлсіз, жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерге жүргізіледі. Ал қалған санаттағылар ақылы түрде егілуге болады. Облыс бойынша бойынша тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу үшін 361 егу пункті ұйымдастырылған, олар қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген.
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин емханалар мен жедел медициналық көмек қызметінің жұмыс кестесі өзгерітіндігін айтқан еді. Сондай ақ, вакцина жетіспейтін өңірлерді атаған болатын. Соның ішінде Қостанай да бар. Сатып алынған 57 мың вакцинаға қосымша алу жоспарланып отыр.
Мамандар мәліметінше, жыл сайын 1 млн қазақстандық тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялармен науқастанады. Ал, оның асқынуы түрлі жағдайларға себепші. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл Мичиган, Гонконг және Брисбен вирустары таралуы мүмкін деген болжам жасаған. Сондықтан да, екпенің қауіпсіздігі қорғалғанын ескертіп, иммундау жұмыстарына белсене қатысуға шақырды.
ЕРБОЛАТ АХАНОВ, ТІЛШІ
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы тұмауға қарсы күресудің ең тиімді құралы тұмауға қарсы егу шаралын жүргізу екендігін айтады.Сала мамандары қазір халықтың басым көпшілігі екпе жасатудан қашқақтайтындарын жасырмады. Яғни, олар бұл шараның көмегі жоқ деп ойлайды. Әйтсе де, дәрігерлердің көзқарасы мүлде басқа. Әр екпе тұмаудан қорғап, жұқпалы инфекцияның алын алудың тиімді тәсілі