Туризм және спорт министрлігі 2029 жылға қарай Қазақстан халқының жартысын спортқа тарту мақсатын алға қойып отыр. Бұл бойынша өңірлерде жүйелі жұмыстар атқарылмақ. Алдын-ала, зерттеуге сәйкес, бүгінде 8 миллионнан астам тұрғын белсенді өмір салтын ұстанады. Ал, Қостанай облысында бұл көрсеткіш 360 мың адамды құрайды. Бұл облыс халқының 44,5 пайызы.