Инфрақұрылымды жақсарту. Кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. Науырзым ауданында бұл бағытта қандай істер атқарылып жатыр? Спорт, мәдениет, ауыл шаруашылығы бойынша көш басында келе жатқан аудан биыл бюджетті 454 млн теңгеге жеткізуді межелеген. Жоспар орындалды ма? Аудан әкімі өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті.