Облыстық жедел медициналық жәрдем қызметі 50 жаңа автокөлікпен толықты. JAC Sunraу маркалы көліктер отандық зауытта құрастырылған. Автокөліктердің жалпы құны — 1,2 миллиард теңге. Темір тұлпарлардың кілтін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлнаразова мен облыс әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.