«Тобылдың» таңдауы
Елдегі маңызды саяси науқаннан футболшылар да шет қалмады. Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының ойыншылары, жаттықтырушылар құрамы мен қызметкерлері Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Команда мүшелері үшін бұл — ел өміріне араласудың және азаматтық ұстанымды білдірудің бір мүмкіндігі.