Бір отбасы – бір таңдау
Бүгін сайлау учаскелеріне түрлі сала өкілдерімен қатар, бірнеше буыннан құралған отбасылар да келді. Солардың бірі - Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнында еңбек ететін Шопановтар әулеті. Бір кәсіпте бас қосқан отбасы мүшелері бұл күннің маңызына ерекше мән береді.
Шопановтар отбасы үшін бірге еңбек ету ғана емес, маңызды қоғамдық іс-шараларға бірге қатысу да қалыптасқан дәстүр. Олар қаламыздағы №859 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауын жасады. Әулеттің үлкендері кейінгі буынға еңбексүйгіштік пен жауапкершілікті басты құндылық ретінде дәріптеп келеді. Бүгінгі сайлау - отбасы мүшелерін тағы бір ортақ мақсатқа біріктірген күн.