Ең ірі аквапарк ашылуға дайын
Қостанайдағы «Осьминог» аквапаркі жақын уақытта пайдалануға берелді. Қазір мердігер ұйым мен тапсырыс беруші нысанды қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.Бұл — еліміздегі жабық үлгідегі ең ірі аквапарктердің бірі.
Бір мезетте 500 адамды қабылдай алатын «Осьминог» аквапаркінде техникалық ашылу өтті. Жабық үлгідегі ең ірі ойын-сауық орталығында ересектерге арналған аймақпен қатар, 7 бассейн мен түрлі су сырғанақтары бар. Енді мамандар нысанның толыққанды жұмыс істеуіне дайындықты аяқтап жатыр.