Аға буынның азаматтық таңдауы
Облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол жаңа бір палаталы өкілді орган елдің саяси жүйесінде маңызды рөл атқарып, мемлекет дамуына елеулі ықпал етеді деген сенім білдірді.