Негізгі Жаңалықтар Арқалықтың көлік әлеуеті артады

Арқалықтың көлік әлеуеті артады

Арқалықтың көлік инфрақұрылымы жаңарып келеді. Мұнда теміржол вокзалы жаңғыртылып, қалаға жаңа жолаушылар пойызы қатынай бастады. Сонымен қатар әуе қатынасын жандандыруға мүмкіндік туды. Құрылысы аяқталған әуежай қазір сертификаттаудан өтіп жатыр. Сондай-ақ, өңірді өзге облыстармен байланыстыратын автожолдар да кезең-кезеңімен жөнделуде. Өңір басшысы осы нысандарды аралап, вокзалдың салтанатты ашылуына қатысты. Жаңарған нысандардың бірқатары қаланың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілді.


Бөлісу