Гепатит – адам денсаулығына кері әсер ететін жұқпалы аурулардың бірі. Кейде бұл дерт ешқандай белгісіз өтіп, адам өзінің ауырғанын бірден білмеуі мүмкін. Сондықтан уақытылы тексерілу, аурудың алдын алу және саламатты өмір салтын ұстану аса маңызды. Бұл дертпен күрес күні дүниежүзі бойынша 28 шілдеде атап өтіледі. Осыған орай қаладағы №2 емхана қабырғасында ашық есік күні өтті.