Қостанай қаласында 45 мыңға жуық зейнет жасындағы тұрғын бар. Олардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, өмір сапасын жақсарту сынды маңызды жұмыстармен қалалық Ардагерлер кеңесі белсенді айналысып келеді. Қазіргі таңда қаладағы 23 мыңға жуық зейнеткер 174 түрлі ардагерлер ұйымының құрамына біріктірілген.