Облыста әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты сақталып келеді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асқан жобалар өңір экономикасының әлеуетін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң ықпал етуде. Экономикалық тұрақтылықпен қатар, қоғамның рухани дамуына да ерекше назар аударылуда. Өйткені өңірдің өркендеуі өндіріс пен инфрақұрылымның дамуымен ғана өлшенбейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдени мұраны сақтау, өнерді қолдау және тұрғындардың мәдени өмірге белсенді араласуы да аймақ даму деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі.