Қостанай қаласының 147 жылдығына арналған той биыл 14–16 тамыз аралығында кең ауқымда атап өтіледі. Мерекелік бағдарлама аясында мәдениет, спорт және білім салаларын қамтитын 30-дан астам іс-шара ұйымдастырылып, мерейтойлық іс-шаралар шағын аудандарда да өтеді. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімінің орынбасары мәлімдеді.