Тоғызыншы шағын аудандағы бос тұрған ғимараттың болашағы белгілі болды. Көпқабатты үйлердің ортасында орналасқан бұл нысан 1983- жылы салынған типтік балабақша. Екі жылдан бері қаңырап тұрған ғимараттың тағдырына алаңдаушы тұрғындар мәселе көтерген еді. Енді нысан толығымен жөндеуден өтеді.