Ел экономикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген мамандықтардың бірі – металлургия саласы. Қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін шепте еңбек ететін жандардың кәсібилігі мен табандылығы әрдайым жоғары бағаланады. Металлургтер күніне орай Жітіқара ауданында мерекелік іс-шара өтіп, сала үздіктері марапатталды.