Мемлекет басшысы өз Жолдауларында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселесіне айрықша назар аударып келеді. Қостанайда кембағал жандарға қамқорлақ таныту мен қоғамға бейімдеу тапсырмаға сай орындалуда. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалармен қатар қоғамдық ұйымдардың үлесі зор. Солардың бірі - қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы. 38 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан бірлестік инклюзивті ортаны қалыптастыруға жағдай жасауда.