Науырзым ауданына қарасты Шолақсай ауылы – шағын елді мекендердің бірі. Соған қарамастан ауылдың даму қарқыны бәсеңдеген емес. Соңғы жылдары мұнда тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Жолдар жөнделіп, кәсіпкерлікте өркендеуде.