Қостанай ауқымды жаңару алдында тұр. Қаланың алдағы онжылдықтардағы даму бағытын айқындайтын бас жоспар жаңартылмақ. Құжатта көлік және инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау, тұрғын үй массивтері мен әлеуметтік нысандарды дамыту, сондай-ақ инвестиция тартуға жағдай жасау көзделген. Басты мақсат — шаһарды заманауи, жинақы әрі өмір сүруге жайлы қалаға айналдыру.