Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына бағытталған жаңа инвестициялық жобалар қолға алынады. Облыстық инвестициялық штабтың кезекті отырысында Қостанай мен Тобыл қаласындағы құрылыс жоспарлары қаралды. Алдағы 5 жылда өңірде жалпы құны 45 миллиард теңгеден асатын 6 жоба жүзеге аспақ.