Жазғы демалысты табиғат аясында өткізу, жаңа ортаға бейімделу, жауапкершілікті сезіну. Қостанай ауданында жасөспірімдерге арналған шатырлы лагерь жұмысын бастады. Үш күнге созылатын ауысымға қырықтан астам жеткіншек қатысып жатыр. Олардың арасында полицияның профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдер де бар. Демалыс пен тәрбиені қатар ұштастырған жобаның мақсаты қандай?