Жас жауынгерлер әскери ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде серт берді. Бұл – олардың әскери өміріндегі ең маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Ант беру рәсімі арқылы олар жаңа кезеңге қадам басып, елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғау жолындағы қасиетті міндеттерін абыроймен атқаруға дайын екендіктерін көрсетті.