Өңірде мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі артып келеді. Қостанай облысында әлеуметтік төлемдер мен кепілдендірілген көмек түрлері мұқтаж жандарға уақытылы жеткізілуде. Бұл ретте жүйенің тек қаржылай демеу беріп қоймай, азаматтардың өз алдына жеке кәсіп ашып, аяққа тұрып кетуіне септігін тигізіп жатқанын айта кеткен жөн.