Қазақстан Конституциясы – мемлекеттің құқықтық және саяси негізін, билік жүйесі мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын басты құжат. Бүгінде Ата заңның осы қағидаттарына сүйене отырып, еліміздің білім беру саласында да ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Қостанайда өткен «Халықтық Конституция – сенімді болашақтың бастауы» атты ғылыми конференцияда айтылды.