Малды есепке алу – ветеринария саласындағы негізгі талаптардың бірі. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары міндетті түрде бірдейлендірілуі тиіс. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Биыл облысқа барлық түлік түріне арналған 380 мыңнан астам құлақ сырғасы жеткізіліп, өңір бірдейлендіру құралдарымен толық қамтамасыз етілді.