Театр - тарихты тірілтіп, рухты жаңғыртатын киелі өнер ордасы. Арқалық қаласының мерейтойы қарсаңында көрерменге осындай тағылымы терең туынды ұсынылды. Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібекұлының 95 жылдығына орай «Арқалықтың ақ таңы» драмасының тұсаукесері өтті. Бұл шаһар тарихында тұңғыш рет қаланың өткені мен рухани мұрасын арқау еткен сахналық шығарма.