Олар түрлі этнос өкілдері болғанымен, Отанға деген құрметін әскери борышын адал өтеумен ғана емес, мемлекеттік тілді меңгеру арқылы да көрсетіп келеді. Өңірде өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауы республикадағы әскери бөлімдерден келген мемлекеттік тілдің жанашырларын бір алаңға тоғыстырды.