Лисаков шаһарын таяу арада ауқымды абаттандыру жұмыстары күтіп тұр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі көшелер мен алаңдарға төсемтас төсеу конкурсының қорытындысын жариялады. Жобаның басты ерекшелігі – мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаржысы едәуір үнемделді. Бастапқыда бұл мақсатқа 123 миллион теңге бөлінген болатын. Алайда, мердігерлердің өзара бәсекесі мен тиімді баға ұсынысының арқасында жоба құны бірден 20 миллион теңгеге арзандады. Нәтижесінде бекітілген келісімшарт сомасы 102 теңгені құрады.