Мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі едәуір жеңілдетілді. Бұрын үміткерлер 8 заңды білуі керек болса, енді төртеуі де жеткілікті. Сол арқылы олар білімін дәлелдей алады. Бұл өзгеріс Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен жүзеге асырылып, осы салада қызметке орналасу үдерісін барынша ашық, тиімді және қолжетімді етуге бағытталған.