Сыр елінде өткен Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет басшысы су – еліміз үшін стратегиялық ресурс деген еді. Бұл мәселені реттеу үшін былтыр жаңа Су кодексі қабылданды. Оның аясында Су үнемдеу жөніндегі жол картасы да әзірленді
Бүгінде облыста барлығы 11 су қоймасы бар. Оның 6-ы мемлекеттің, қалғаны әкімдіктердің меншігінде. Өңірдегі екі үлкен Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймалары 67 пайызға толы. Ал жеке қарастырар болсақ, Жоғарғы Тобылдың 571 млн текше метрі, Қаратомардың 373 млн текше метрі бос емес.