Қостанайдағы онкологиялық ауруханада қатерлі ісіктерді емдеуге арналған заманауи құрылғылардың бірі — Halcyon (Хэлсиен) сызықтық үдеткіші орнатылды. Аймағымыздағы алғашқы қондырғы «Қазақстан халқына» қоры қаражатынан 2,7 млрд теңгеге сатып алынды. Жаңа қондырғы пациенттерге анағұрлым тиімді әрі қауіпсіз, жоғары дәлдіктегі сәулелік терапия алуға мүмкіндік береді.