Өңірде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін атты коалиция өз жұмысын бастады. Құрамына 5 саяси партия өкілдері енген бірлестік ел болашағына арналған бастаманы жүзеге асыру мақсатында жасақталған. Бұл іс-шара конституциялық жаңғыру үшін қоғамдық-саяси күштерінің бірігуінің нақты көрінісі. Сондай-ақ, облыстың белсенділерінің ел келешегі жолында ортақ жауапкершілікті сезінетінін айқындады. Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы қуатты әрі әділетті Қазақстанды қалыптастырудың берік негізі болатын атап өтті.