Биыл қыста Қостанай облысында 150-ден астам дауылды ескерту жарияланып, республикалық және өңірлік маңызы бар бірнеше бағыттағы жолдар жабылды. Бұл ең алдымен адамдардың амандығы мен қауіпсіздігі үшін жасалатын шара. Ал арқаның ақтүтек бораны мен аязында көлік жүргізушілері қалай қамданады?

Биыл арқаның қысы қатты. Келмей жатып тосын мінез де танытты. Қыркүйекте қар жауып, жұртты әбден әбігерге салғаны бар.

Қаңтардың да көп күні аязбен өтті. Көктайғақтан жолдар көк мұзға айналып, елді мекендер арасындағы қозғалыс шектелді. Жалпы биыл қолайсыз ауа райына байланысты өңірдегі жолдар 80 рет жабылған. Сондықтан жүргізушілер әсіресе қысты күні барынша сақ болуға тырысамыз дейді.