Басты міндет – халқымыздың баға жетпес қазынасы ұлттық мұрасын сақтап қалу. Мемлекет басшысы Сыр елінде өткен құрылтайда осылай деген еді. Бұл ретте құрылтай мүшелері елімізде философия, әлеуметтану және саясаттану ғылымдарын дамытуды ұсынды. Сондай ақ, қоғамдық-саяси ой-пікірлер көптомдығын әзірлеу бастамасы да көтерілген болатын.