Жаңа Конституциялық өзгерістер – әділетті қоғам құрудың маңызды қадамы. Арқалықтық оқытушылар Ата Заңдағы негізгі түзетулер туралы осындай пікір білдірді. Олар қоғамдық кеңес мүшелерімен Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде бас қосып, Конституция жобасын жан-жақты талқылады. Ұсыныс-тілектерін жеткізді.