Дұрыс тамақтанбау мен иммундық жүйенің әлсіреуі балалардың жиі ауыруына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін ата-аналарға қалалық емханаларда орналасқан балаларды дамыту бөлмелеріне бару ұсынылады. Бұл орталықтарда сәбидің дамуына қолдау көрсетіліп қана қоймай, болашақ ата-аналарға нәрестенің дүниеге келуіне дайындалуға да көмек беріледі.